Сәлемдеме жеткізуші (видео)
Сәлемдеме жеткізуші (видео)
4 жыл бұрын 2244 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-та сәлемдеме жеткізіп берумен айналысатын Digit атты робот саудаға шығарылды. Бұл жайында The Verge ақпарат көзі хабар таратты. Digit - Agility Robotics америкалық компанияның стартапы. Антропоморфты робот ересек адамның орташа статистикалық көлеміне қарай шақталып жасалған. Ол ең алдымен логистикада, қоймада және өндірістегі жұмыстарға арналған. Ал қандай да бір қару үшін пайдалануға келмейтіндей етіп құрастырылған. Сәлемдеме жеткізуші робот кеңістікте түрлі датчиктердің әне технологияның көмегімен бағдарын айқындайды. Ол салмағы 18 келіге дейінгі жүкті көтере алады. Оның алғашқы екі моделін жүк жеткізумен шұғылданатын Ford компаниясы сатып алған.

0 пікір
Мұрағат