Робот ауруханаға түскен науқас қыздың орнына мектеп бітіріп шықты (видео)
Робот ауруханаға түскен науқас қыздың орнына мектеп бітіріп шықты (видео)
6 жыл бұрын 2964

Алабамадағы жергілікті мектепте ауруханаға түскен оқушының оқу бітіру туралы дипломын оның орнына робот алды. Ал науқас оқушы диплом алу салтанатын ауруханада бақылап жатты.

Бұл туралы UberGizmo хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Синтия Пэттвей өзінің бітіру кешін жіберіп алмас үшін, дәрігерлер iPad-ға қосылған қашықтан басқару пультіндегі роботты пайдаланды. Науқас салтанатты шараға бір апта қалғанда ауруханаға түскен. Бірақ ол өмірінің маңызды күндерінің бірін өткізіп алғысы келмеді. Нәтижесінде, Синтия iPad-тың бетіне қойылған суретінің  (аватар) көмегімен диплом алды. Ол роботты қашықтан бақылап, тіпті алғыс айтып, сөз сөйлеген.

Осындай қолданушының виртуалды бейнесі (аватар) жақында ғана қолданыла бастады. Әдетте олар мүгедектерге немесе ауруханадан физикалық түрде шыға алмайтын ауыр науқастарға қолданылады.

Мысалы, жақында осындай роботтың көмегімен “Эвертон футбол клубы мүгедек баланы матчқа шақыра алды.

0 пікір
Мұрағат