Құрлықтағы ең терең жер белгілі болды
Құрлықтағы ең терең жер белгілі болды
4 жыл бұрын 2987 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Антарктидадағы мұздақ астындағы Денман ойпаты құрлықтағы ең терең жер екені белгілі болды – теңіз деңгейінен 3,5 метр төмен жатыр. Бұл жайында Newsweek ақпарат көзі хабар таратты. Калифорния университетінің гляциологтары жетекшілік еткен халықаралық ғалымдар тобы Антарктида рельефін радарлық және спутниктік суреттің көмегімен зерделей келе Денман мұздағы астынан енінің өзі 20 шақырымға, ал ұзындығы 100 шақырымға жететін су ағатын науалы жерді байқаған болатын. Тереңдігі, жоғарыда айтып кеткеніміздей, 3,5 метрді құраған. Сөз орайы келгенде айта кетейік, жер бетіндегі ең терең жер – Мариан ойпаңы. Оның тереңдігі 11 шақырымға жетеді.

0 пікір
Мұрағат