Қарсы бағытқа шығып, жүргізуші куәлігінен айырылғандар жаза мерзімін қысқарта алады
Қарсы бағытқа шығып, жүргізуші куәлігінен айырылғандар жаза мерзімін қысқарта алады
6 жыл бұрын 4270 7kun.kz Kolesa.kz Рүстем Пердебек

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап админстрациялық кодекске түзетулер енгізілуіне байланысты (Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексінің 596-бабының 3-бөлігі) жаза мерзімі бір жылдан алты айға дейін қысқартылды.

1-бөлімнің 5-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық болған жағдайда жүргізушінің ісі қайта қаралады. Яғни, ол осы заң күшіне енгенге дейін жасалған және жасалмаған құқық бұзушылыққа қатысты қолданылады.

Егер жүргізуші 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін қарсы бағытқа шығып кеткені үшін бір жылға жүргізу құқығынан айырылса, ол жазаны 6 айға дейін қысқарту туралы сотқа арыз тастай алады. Яғни, Қазақстан Республикасының Әкімшілік Кодексінде тіркелген мерзімнен бұрын жүзеге асқан болса да.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы ІІМ ӘПК баспасөз қызметінің жетекшісі Ирина Лукьянина-Костерева  Facebook-тағы парақшасында  жазған болатын.

Лукьянин-Костереваның айтуынша, «Құқықтық актілер туралы» заңнаманың 4-тармақша, 60-бабына сәйкес, жүргізуші  арыз тастамаған жағдайда куәліктің мерзімі қысқартылмайды. Яғни, сіз өз тарапыңыздан әрекет еткен жағдайда ғана заңды өз пайдаңызға жарата аласыз.

0 пікір
Мұрағат