Басқа жол қалмағанда ядролық қаруды қай ел алдымен қолдануы мүмкін
Басқа жол қалмағанда ядролық қаруды қай ел алдымен қолдануы мүмкін
6 жыл бұрын 6288 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Соңғы уақытта әлемдік державалар арасындағы, нақтырақ айтқанда, АҚШ пен Ресей Федерациясы арасындағы тайталас пен бақталастық өзінің шаырақтау шегіне жетіп қалды. Сарапшылар бұл қалыптасқан жағдайды социалистік және капиталистік аталған екі лагерге бөлінген, кезіндегі АҚШ бастаған батыс елдері мен КСРО арасындағы қырғи-қабақ соғыс кезіне жақын екенін айтып, дабыл қаға бастады. Пентагоннан құпия ақпарат көзінен белгілі болғандай, «ең мықты қорғаныс – қарсы шабуыл» принципі бойынша АҚШ алдымен ядролық соққы беруі мүмкін. «Тұтастай алғанда ел қорғанысты нығайту және ядролық мүмкіндікті арттыру үшін қосымша миллиард доллар жұмсауды жоспарлап отыр. Бюджет шығысының жеке бәір парағы 1945 жылы Хиросимаға тасталған бомба секілді қуаты шамалы зарядтарды сатып алуға және жетілдіруге арналады. АҚШ-тың стратегиялық қаруды жаңарту үшін бөлінетін қаржы шамамен бір триллион долларды құрайды»,- деп жазыпты Пентагоннан құпия ақпарат таратушы. Сондай-ақ, ол бюджет шығысының жеке бір парағы алғаш рет Ресейді ядролық қаруды қолданудан тежеуге арналғанын да жеткізді. Ал Ресей бірінші болып, ядролық қаруды қолдануы мүмкін бе деген адамзатты толғандырған сауалға келсек, бұған кезінде РФ президенті Владимир Путиннің федералды жиналысқа қарата жасаған жолдауында жауап берген екен: «Біздің әскери доктринамызда Ресей жаппай қырып-жоятын қаруды алдымен ядролық шабуыл жасағандарға немесе олардың одақтастарына дереу жауап ретінде пайдаланады, мемлекетімізді жоқ қылатын қауіп төнгенде ғана». 

P.S. Басқа жол қалмағанда дейтін емес, ядролық қаруды қолданудан өзге жол қалмағанда басқа жол бар. Ол - ядролық қаруды қолданбау. Бұл сөзіміз жаңылтпашқа ұқсап кетсе де шындығы - осы. Бұл тарапта Ресейдің ұстанымы көңілге қонады: тек қорғаныс мақсатында, оның өзінде ядролық шабуыл жасалғанда ғана қолдану.

0 пікір
Мұрағат