Қайықтарға арналған әлемдегі ең алғашқы туннель салынады (фото)
Қайықтарға арналған әлемдегі ең алғашқы туннель салынады (фото)
7 жыл бұрын 3050 egemen.kz

Норвегия қайықтар мен кемелерге арналған әлемдегі ең алғашқы туннельді салмақ, деп жазады busines sinsider. Бір айта кетерлігі, 1990 жылы салынған әлемдегі ең ұзын Лердаль автокөлік туннелі де Норвегияда орналасқан. Енді бұл елде күніне 70-120 кеме өтетін туннель салынбақ.

BBC News-тің хабарлауынша, мемлекет қайықтар мен кемелерге арналған туннелді қалай салуға болатынын анықтау үшін техникалық-экономикалық зерттеулерді 80-жылдары бастаған. Ал аталған туннель жобасының менеджері Терье Андреассен Норвегияның көлік министрлігіне жоба 2017 жылдың мамыр айында ұсынылатынын айтты. Оның айтуынша, жобаны толығымен Норвегия парламенті қаржыландырады. Оның жалпы құны 1 млрд долларға бағаланса, оның  117 млн АҚШ доллары зерттеу жұмыстарына кеткен.

Егер жоспар мақұлданса, құрылыс 2019 жылы басталады.

Төменде жобаның суреттері

0 пікір
Мұрағат