Қолданушы iPhone 7 смартфонының ел білмейтін құпиясын ашты (видео)
|
Reddit нигімен тіркелген қолданушы iPhone 7 және iPhone 7 Plus смартфондарының жаңа жүйесін тапты. Apple компаниясының соңғы өнімі арнайы қосымша арқылы өзін-өзі ішкі құрылысына кірген судан тазарта алады, - деп жазады "Российская газета".
"Мен жуынатын кезде музыка тыңдауды ұйғардым. Ол еденге құлап кетіп, динамигінен су кіріп кетті. Соның салдарынан дыбысы бәсеңдеп қалды. Сол кезде мен су буға айналып кету үшін динамигін спиртпен сүртіп көрдім, алайда, ол ойым іске аспады", - дейді смартфон иесі.
Осы кезде мен суды айдап шығу үшін дыбысты пайдалануды ұйғардым. Менің білуімше резонанстық жиілік 165 Гц құрайды. Sonic қосымшасын тегін бастыру арқылы, мен әуенді қосқан кезімде дыбыс динамиктен суды өзі айдап шықты. Осы кезде құрғақ затпен суды сүртіп тастаңыз", - деп кеңес берді қолданушы.
Осы жазбаның астында пікір қалдырушылар тура осы әдісті Apple Watch сағаттарына қолдануға болатынын жазды. Пікір қалдырушылардың бірі мұның қалай іске асатынын видеоға түсіріп, көрсетті.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Түріктердің алғашқы отандық KTJ-3200 турбореактивті Atmaca зымыраны сынақтан сәтті өтті
■
CerebraAI стартапы Сауд Арабиясында $150K Community LEAP сыйлығын жеңіп алды
■
Сауд Арабиясының 200 мектебі қазақстандық CodiPlay технологиясын қолданатын болады
■
Араб ғалымдары ауадан су алудың әдісін тапты
■
Саудияда әлемде теңдесі мен ұқсасы жоқ сәулетті тұрғын үй бой көтереді (видео+фото)