Қарапайым микротолқынды пештің біз білмейтін сырлары немесе қандай ыдысты микротолқынды пеште қолдануға болады
Қарапайым микротолқынды пештің біз білмейтін сырлары немесе  қандай ыдысты микротолқынды пеште қолдануға болады
7 жыл бұрын 5587 Baq.kz Stan.kz

Микротолқынды пеш пісіруден бастап құрғатуға шейін көп нәрсеге қабілетті. Швейцар пышағы тәрізді көпфункционалдылыққа ие бұл пештің берер мүмкіндіктері жайлы ойланбаған болуыңыз да керек, десе де, anabol.kz сайты осы турасында егжей-тегжейлі түсіндіріп береді.

Лимон мен лаймның шырынын шығарыңыз

Қуатын көбейтіп 2 секундқа қойып лимонды қыздырып алыңыз. Лимон шырынды болып шыға келеді.

Шөптерді құрғатыңыз

Ақжелек, аскөк, көкжуа тағы басқа шөп-шаламдарды бірнеше минут ішінде құрғатып ала аласыз.

Бір секундта сарымсақ тазалаңыз

Жоғарғы қуатына қойып 15 секундқа сарымсақты қыздырып алсаңыз, оңай әрі тез ашылады.

Қатып қалған нанды жаңа піскендей ету

Иа, бұл да мүмкін. Ол үшін жай ғана нанды дымқыл орамалға орап, жоғары қуатына қойып 10 секундта қыздырып алыңыз.

Қытырлақ картоп (чипсы) жұмсарып кетсе...

Астына орамал төсеп, қытырлақ картопты тізіп шығып кішкене уақыт қыздырып алыңыз. Орамал артық майларын өзіне сорып алады да қайтадан картоп қытырлақ қалпына келеді.

Ыстық компресс жасаңыз

Қарапайым ғана әдіс. Орамалды бірнеше минутқа микротолқынды пешке қойып қыздырып алсаңыз, компресс дайын.

Пеш өзі тазаланады

Бұл құпияны бірі білсе,бірі біле бермейді. Бар болғаны: сірке суын ыдысқа құйып 5 минуттай пеште қыздырып алыңыз. Пештің іші мұнтаздай таза болып, жағымсыз тамақтың иісі кетеді.

Ыдысты тексеріп көріңіз

Кесе алыңыз да ішіне су құйып, пеш ішіндегі контейнерге немесе тарелкаға кесені қойыңыз. Бір минутта қыздырып тез тексеріп ала аласыз. Егер су ыстық болып, кесе салқын күйінде тұрса, ыдысты микротолқынды пешке қолдана берсеңіз болады, ал кесе қызып, су ысымай қалса, онда бұл ыдыстың қажеті шамалы.

Жаңа микротолқынды пеш үстеліңізде, ал сіз қосып көріп, түрлі аспаздық ерлікке ерік бермексіз. Тоқтаңыз! Микротолқынды пеште қандай ыдысты қолдануға болады?

Ең жеңілі – дүкенге барып, микротолқынды пешке арналған арнайы ыдыстар сатып алу. Бірақ, басқа да жолы бар. Асүйіңізде микротолқынды пеште қолдануға болатын ыдыстың түр-түрі табылып қалар. Тек қайсысын таңдау керегін білсеңіз болғаны.

Әдетте микротолқынды пештің бірнеше режимі бар: микротолқынды, қақтама, конвекция және тағы басқалары. Дәл қазір сөз тек микротолқындар жөнінде болмақ. Микротолқынды пешке арналған ыдыс мөлдір болуы тиіс. Оның құрамында металлдар кездеспеуі керек. Сонымен қатар, электр тоғын өткізбеуі, қызуға төзімді болуы шарт.

Металл. Ыдыс тоқ өткізеді және микротолқындарды өткізбейді. Алюминий ыдыста жартылай дайын өнімдер қызып кетуі мүмкін. Қапшықты барынша ашып қою керек. Десе де процесті жылдамдату үшін, жартылай дайын өнімді кәдімгі тәрелкеге салып жылытыңыз.

Хрусталь. Хрутсаль құрамында металдар (қорғасын, күміс) бар. Сондықтан, ыдыс жылдам қызады. Сонымен қатар біртегіс қызымағандықтан, жарылып кетуі мүмкін.

Жеңіл шыны. Көбіне мұндай ыдыс жеңіл еритін материал меламиннен жасалады. Оның салмағынан-ақ жылдам ажырата аласыз.

Қыш. Қыш ыдыс микротолқынды пеште қаттты қызады. Сол себепті, оны пештен алар кезде қолыңызға тұтқыш ұстауды ұмытпаңыз.

Фарфор. Қызуы үшін ыдыс ашық болуы тиіс. Оған қоса, шеті тым биік болмағаны жөн.

Полиэтилен. Тағамдық үлдіпр мен полиэтилен пакеттерді микротолқынды пешке қояр алдында бірнеше жерінен тесіп қойыңыз.

Қағаз. Қатырма қораптар, пенопласт стақандар,  пергамент қағаз микротолқынды пеш үшін жарамды. Майлы тағамдар үшін жарамсыз болып табылады.

Пластик. Қақпағанды тиісті белгісі бар қызуға төзімді контейнерледі қолдануға болады. Фарфор, шыны, қышқа қарағанда, бірден тоңазытқыштан алған күйі микротолқынды пешке қоя аласыз. Микротолқынды пеште бір рет пайдалануға арналғын ыдыстарды қолдануға болмайды.

Мата. Нан мен түрлі тәтті пісірмелерді жылыту үшін зығыр мен мақтадан жасалған майлықтарды ғана қолданыңыз.

Шыны. Тағамды жылыту, еріту және микротолқынды режимде әзірлеу үшін жарайды. Басқа режимдер үшін ыстыққа төзімді ыдыс керек. Ал сұйықтықтарды жылыту үшін қырлы стақандар мен кәдімгі құтыларды пайдаланыңыз. Ыдыста сурет болмауы тиіс. Жұқа шыныдан жасалған ыдысты қолданбаңыз. Ол ыстық тамақпен жанасуға шыдамай, жарылып кетуі мүмкін.

Кез-келген ыдыстың микротолқынды пеште қолдануға жарамдылығын тексеріп көруге болады. Ол үшін кәдімгі қырлы стақанға (немесе шынысы қалың, суретсіз стақан) су құйып, тексергіңіз келген ыдыс ішіне, ал ыдысты микротолқынды пешке қойыңыз. Ең жоғары қуатқа қойып, 1минут ұстаңыз. Пешті ашқаныңызда стақандағы су ыстық, ыдыс қызымаған болуы тиіс. Егер қызып кетсе, демек микротолқынды пеште қолдануға жарамсыз.

1 пікір
Мұрағат