Жалған ақшаны анықтаудың оңай жолын білесіз бе? (фото)
Жалған ақшаны анықтаудың оңай жолын білесіз бе? (фото)
7 жыл бұрын 4737 Baq.kz

Банкноттың түпнұсқа екенін анықтау оңай. Тек назар салып қарау керек. ҚР Ұлттық банкі ең алдымен «Сезін-қара-аударып көр» әдісін қолдануды ұсынып отыр. 

Алдымен банкнотты сезіну қажет. Банкнот қағазы ерекше шытырлайды. Бұл – банкнотты шығаруға жасалған арнайы қағаз.

Барлық банкнотқа банкноттың өзіне бедер беретін арнайы мөр қойылған. Ол – саусақтың ұшымен жақсы ажыратуға болатын шығыңқы жоғары бедерлі элементтер.

Содан соң банкнотқа мұқият қарау қажет. Ақша белгісі таза, айқын, қарама-қарсы немесе лас еместігіне, дақтары немесе аққан бояулары бар-жоғына назар аударыңыз. Банкнотты жарыққа тосып қараған кезде көп мәлімет алуға болады, бұл сутамғы белгілерге қатысты – қазіргі серияда бұл мифтік танымдағы «Самұрық» құсы, номиналдың саны. Демек, ол жалған ақша белгілерінде болатын айғыздалған сурет емес, нақты бір сурет.


 

Сол сияқты жарыққа тосып қараған кезде жазуы бар тұтас жіп тәрізді көрінетін, жазуы бар пунктирлер – тұтас магнитті және үзік-үзік (металл) жіпке назар салу қажет.

 

Соңғы әдіс – «Аударып көр». Банкноттарда түсі өзгеретін арнайы бояумен салынған бейнелер болады, банкноттарды аударған немесе көлбеу бұрышын өзгерткен кезде олардың түсі жасыл түстен алтын түске дейін өзгереді. Әңгіме жоғарыда сөз болған СПАРК элементі жайында болып отыр.

Әрине, банкноттарда қорғаныш элементтері көп, бірақ «көзбен көріп» сараптамадан өткізу үшін жоғарыда аталған элементтерге көңіл аударудың өзі жеткілікті. Осылайша, «Сезін-қара-аударып көр» әдісі қарапайым адамның банкноттың түпнұсқалығын арнайы жабдықсыз анықтауы үшін жеткілікті болады.

Қолдан жасалған ақша белгілері анықталған жағдайда бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің экономикалық зерттеулер қызметіне не полицияға тез арада хабарлау қажет.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу» 231-бабына сәйкес ақша қаражатын қолдан жасағандар он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылады.

 

0 пікір
Мұрағат