Мұсылмандар намазынан пайда көрген атеист...
Мұсылмандар намазынан пайда көрген атеист...
5 жыл бұрын 2781 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

grandpaiscrazybutcoo деген атпен жазбасын жариялаған Reddit пайдаланушысы жұмыс берушінің сылтау айтуына "саңылау" қалдырмай жұмыс күнінде қалай қосымша демалуға уақыт тапқанын баяндапты. Халықаралық компанияда жұмыс істейтін ол мұсылмандар арқасында жұмыс уақытында бірнеше рет демалуға мүмкіндік алып жүр. Сөз орайы айта кету керек, аталмыш компания қызметкерлерінің 90 пайызы мұсылмандардан тұрады. Олардың 80 пайызға жуығы бес уақыт намазын қаза қылмайды. Оларға намаз оқуы үшін жұмыс арасында 10 минут мұрсат беріледі. Атеист мұсылмандардың намазға бөлінетін уақытында жұмыс істейтінін алға тартып, жұмыс берушіге бәріне бірдей тең қарауға шақырады. Өйткені, атеистер де мұсылмандармен бірдей жалақы алып келеді. Бастапқыда оның бұл талабына басшылық құлақ аспаған болатын. Кейін атеистің уәжіне жығылып, қосымша демалыс біреді. 

0 пікір
Мұрағат