Лондон көшесіндегі адам кейпіндегі жан иесінің құлшылығы (видео)
Лондон көшесіндегі адам кейпіндегі жан иесінің құлшылығы (видео)
6 жыл бұрын 9411 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

«Еурожелінің» негізін қалаған, Ұлыбританияға қоныс аударған танымал ресейлік бизнесмен Евгений Чичваркинді түлен түрткен секілді. Олай дейтініміз, тапа-тал түсте, мегаполистің қақ ортасында, яғни, Лондон қаласындағы көшелердің бірінде мұсылмандардың намаз оқығанын еске түсіретін әрекетімен қайран қалдырды. Ол «құлшылығында» өзінің «Rolls-Royc» автокөлігіне жүзін берді, ал жайнамаз орнына доллар бейнеленген матаны төседі. Ол мұсылмандарды мазақ етті ме немесе мұндай қойылым қоюының астарында басқалай себебі бар ма, ол жағын білмейміз. Бір анығы, танымал тұлғаның бұл оғаш әрекеті талайдың назарын өзіне аударды.

 

0 пікір
Мұрағат