Канадалық шаруа өздігінен жүретін тракторды жұмысқа "жегіп" қойды (ВИДЕО)
Канадалық шаруа өздігінен жүретін тракторды жұмысқа "жегіп" қойды (ВИДЕО)
8 жыл бұрын 3479 inform.kz

Канадада аруа қожалығының иесі Мэттью Раймер "John Deere 7930" тракторына автопилот жасап шықты.

Жобаның аппараттық бөлігіне авиамоделшілерге танымал PixHawk автопилот, сондай-ақ Arduino тұғырнамасы пайдаланылды. Бағдарламалық қамтылым "Ardupilot" автопилотынан, автопилотты "MAVLink" хаттамасымен қашықтан басқаратын "DroneKit-Python" бағдарламасынан және трактор тораптарын тікелей басқару үшін жазылған бағдарламалық кодтан тұрады.

Трактордың бұл моделінде басқарушы белгілердің көп бөлігі электрониканың көмегімен жүзеге асырылғандықтан, шаруаға басқарудың механикалық басқару тетіктеріне қандайда бір тетік орнатудың қажеті болмаған. Оның орнын электронды сигнал беретін сым алмастырған.

Өздігінен басқарылатын техниканы жабдықтау жөніндегі ой шаруаға жиын-терін кезінде комбайнның жанында астықты құйдырып алу үшін тіркемелі трактор жүргізушін таппағанда келген. Екі апта бойы сүреңсіз әрі ақысы аз жұмысқа ниеттілер болмайды, сондай-ақ осы кезде өңірдегі дихандардың бәріне осындай өкмекші қажет.

Өздігінен басқарылатын трактор комбайнның қасында енді қатар жүре алғанына қарамастан, астықты жүк көлігіне құюды шаруа көлік рөліне өзі отырып атқарады. 

0 пікір
Мұрағат