Канадалық Photon шағын дроны су астында түрлі операцияларды орындай алады (видео)
Канадалық Photon шағын дроны су астында түрлі  операцияларды орындай алады (видео)
3 ай бұрын 557 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Канадалық Deep Trekker компаниясы су астындағы көріністі таспаға тартып алуға және объектілерді бақылауға арналған Photon шағын дронын жұртшылық назарына ұсынды. Оның өлшемдері: 48 x 33 x 22 см, құрылғы оператормен байланыс үшін 150 метрлік байланыс кабелі пайдаланылады. Борттық батарея құрылғыға екі сағат бойы жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Photon анодталған алюминиден, тот баспайтын болаттан, көміртекті талшықтан және қалқымалы көбіктен жасалған. Дронның салмағы - 11,6 келі және 120 м тереңдікке сүңги алады. Мейлінше  жылдамдығы – сағатына 4,6 шақрым; алты векторлық қозғалтқышты пайдаланып кез келген бағытта қозғалады. Суасты дроны жарықдиодты шамдармен синхрондалған қашықтан қисайту мүмкіндігі бар, кіріктірілген 4K камерасымен жабдықталған. Су астындағы кескін судың толқуы мен ағысына байланысты бұрмалануы мүмкін таспаға тартып алғанда, міне, осы олқылыққа жол бермейтін, айқындылықты жақсартатын және түсті түзетуді орындайтын арнайы бағдарламасы бар. Қашықтағы оператор кескінді 7 дюймдік қашықтан басқару пульті экранында онлайн режимінде көреді. Негізгі Photon жинағына Deep Trekker веб-сайтынан 12 000 долларға тапсырыс беруге болады

0 пікір
Мұрағат