Санаулы жылдардан кейін ақ аюлар жер бетінен жойылады
Санаулы жылдардан кейін ақ аюлар жер бетінен жойылады
6 жыл бұрын 3817

Арктикалық мұздардың аумағы қысқарып барады. Бұл жағдай ақ оюлардың күнделікті тіршілігіне кері әсер етіп отыр. Өйткені, енді олар итбалықтарды аулау үшін көп күш жұмсауға мәжбүр. Ақ аюлардың осы халі жайында Science журналында мақала шықты, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Риа Новости басылымына сілтеме жасап. 

«Соңғы он жылда біз аюлардың қаншалық жиі өлетінін, қандай жағдайда өмір сүретінін және көбеюі қалай жүріп жатқанын бақыладық. Содан соң олардың саны неге күрт азайып кеткенін, күніге қаншалықты көп күш жұмсап жатқанын және итбалықтарды қаншалықты көп аулап жатқанын анықтадық»,- дейді Санта-Крузодағы (АҚШ) Калифорния университетінің экологы Энтони Пагано (Anthony Pagano).

Ақ аюлар азығын теңіз мұзының үстіңгі қабатынан өзінің ақ терісін төсеп ұстайды. Егер оның терісі түсіп қалса және мұз еріп кетсе, онда олар біраз уақытқа дейін аш қалады.

Ал, жаһандық жылыну жыртқыштың өміріне қатты қауіп төндіріп отыр. Эколог мамандар егер солтүстіктегі мұз дәл осындай қарқынмен ери берсе, онда тағы 10 жылдан кейін ақ аюлар саны күрт азайып қалуы мүмкін деп алаңдаулы.

Пагано мен әріптестері бірнеше аюдың мойнына камера және арнайы құрылғы тағып, олардың қимылын, ас қорытуын, азық аулауын және басқа да өмір сүру қабілеттерін бірнеше апта бойы бақылады.

Бұл қадағалау аяқ астынан екі проблеманы анықтады. Олар жақын арада ақ аюлардың өмір сүруін қатты қиындатуы мүмкін. Біріншісі, бұл жыртқыштар аш болған кезде де көп энергия жұмсайды екен. Олар аш кезде де ас қорыту жылдамдығы мен дене температурасы басылмайтн болып шықты.

Бұдан басқа, пандалар мен өзге де ірі жануарларға қарағанда, ақ аюлар екі есе көп күш жұмсайтыны белгілі болды. Мысалы, ғалымдар бақылаған он аюдың бесеуі 10 күнде өз салмағының 10%-ынан айрылып қалған.

Екіншіден, бүгінде ақ аюлар итбалықтарды аз аулайды. Бұрын олар әлдеқайда көп ұстайтын болған. Мұның себебі – мұздардың полюстың шетіне қарай жылжуы. Олар Арктика жағалауынан әлдеқайда алыс жерге қарай кетіп қалады. Мұндай жағдайда аюларға мұздармен бірге солтүстікке қарай жылжуға тура келеді.

Ғалымдардың айтуыныша, осы екі фактор ақ аюлардың Ресей, Канада Арктикасында соңғы онжылдықта 40% азайып қалуына себеп болған. Егер мұздар азая берсе, онда алдағы жиырма жыл ішінде ақ аюлар жаһандық жылынудың ең ірі құрбаны болуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат