Қасқырлар неге Айға қарап ұлиды?
Қасқырлар неге Айға қарап ұлиды?
3 жыл бұрын 9679 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Қасқыр дегенде ай, қыр дала немесе орман ойға оралады. Санамызда солай қалыптасқан. Ертегі, миф, картина, кино, т.б. арқылы. Алайда, ай мен қасқырдың еш қатысы жоғын ғалымдар алға тартып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы metode.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып. Яғни, айға қарап ұлып отырған қасқырдың көз алдымызға келуі адамның қиял-ғажайып танымымен байланысты болып шықты. Ал шындығында қасқыр түз тағысы, түнде жортатын жыртқыш. Кинологтер (итті белгілі бір машыққа үйретушілер) қасқырдың ұлыған кезде тұмсығын жоғары көтеруін Айға қарап ұлып отырғандай көрінетінін алға тартады. Қасқыр көкке қарап ұлыса, оның өзіндік себебі бар – даусының аулаққа жетуіне әсерін тигізеді. Қасқыр алыстау жердегі қасқырмен тілдесу үшін ұлиды: бір-біріне төніп келе жатқан қауіп-қатер туралы ескертеді, бір-бірінің қай жерде тұрғанын білу үшін ұлиды, үйірінің шамасын білу үшін ұлиды, т.б.

0 пікір
Мұрағат