Өзін жұтқан бақаның асқазанында қорытылып кетпей артынан аман шығатын тіршілік иесі (видео)
|
Сүңгуір қоңыздың бойынан сирек кездесетін талант байқалды, тура мағынасында. Бақа қылғытқанымен оның асқазынан аман шыға алатын қабілетін көрсетті. Жәндіктер бақаның таспадай тұтқыр тіліне бір ілігіп, өңешіне жытырылса, тірі қалмайды. Асқазанында қорытылып кетеді. Ал сүңгуір қоңыздың ешбір жеріне зақым келмей бақаның артынан шығып кетеді. Бұл жәндіктің аман қалуына, сонымен қатар, бақаның олжасын шайнайтын тісінің болмауы да себеп. Бақа қылғытады немесе жұтады. Осылай қоректенеді. Төмендегі видеодағы өзгеше көріністі Жапониядағы Кобе университетінің экологы Синдзи Сугиура таспаға тартып алыпты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
От шашып, жалын бүркетін робопс пайда болды (видео)
■
Ым-ишара тілін дауысқа айналдыратын (аударатын) смарт көзілдірік жасалды (видео)
■
Сауытты бұзатын ұшқышсыз ұшу аппаратының мүмкіндіктері жұртшылық назарына ұсынылды (видео)
■
Шоколадтың жаһандық қорына қауіп төнді
■
Екпенің жарты ғасырда шамамен 154 млн адамның өмірін құтқарғаны белгілі болды