Норвег қасқырынан тұқым қалмай құрып кетті
Норвег қасқырынан тұқым қалмай құрып кетті
2 жыл бұрын 1820 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Норвегия парламентінің тапсырысы бойынша арнайы жүргізілген генетикалық зерттеу нәтижесі көрсеткендей, қазіргі уақытта аталған ел аумағындағы қасқырлар фин жерінен ауып келген жыртқыштар тобына жатады. Байырғы қасқыр тұқымы, яғни, норвег жерінде шамамен 12 мың жыл бұрын пайда болған қасқырлардан тұқым қалмай жойылып кеткен. Бұл жайында islam.kz порталы Phys.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Норвег қасқырлары бертінде емес, өткен ғасырдың 70-ші жылдары толық жойылып кеткені енді белгілі болып отыр. Бұған аңшылар мен өз шаруашылығын қызғыштай қорыған фермерлер кінәлі. 198-ші жылдары норвег жерінде қасқырлар бой көрсеткен болатын, тіпті, ел арасында оларды хайуанаттар бағынан жіберген деген қауесет те тараған болатын. Қазіргі уақытта Норвегия мен Швецияның шекарасы маңында 400-ге тарта қасқыр тіршілік етеді. Норвег депутаттары олардың тегін анықтауға ден қойған. Аталған скандинаваиялық елдің ғылым және технология университетінің ғалымдары генетикалық сараптама жасап, осы күнгі норвег жеріндегі жыртқыштардың фин жерінен ауып келгенін анықтады. Финдік қасқырлар осылайша өз тіршілік ету ортасын кеңейтуді ойлаған болуы мүмкін. Генетикалық тұрғыдан ұқсастық қасқырларды ауру алдында дәрменсіз етеді, соның ішінде тұқым қуалайтын ауруларға бейім етеді.

Ұқсас материалдар:

«Оңтүстік Америка қасқыры» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/ontustik-amerika-qasqyry-fotovideo-14902/#gsc.tab=0);

«Қасқырлар неге Айға қарап ұлиды?» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/qasqyrlar-nege-aiga-qarap-ulidy-14883/#gsc.tab=0);

«Қасқыр күллі жануарлар арасында рекорд орнатты. Несімен?» (https://www.islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/qasqyr-kulli-januarlar-arasynda-rekord-ornatty-nesimen-12654/#gsc.tab=0); 

0 пікір
Мұрағат