Жаратылыс заңына «қарсы» бақа табылды
Жаратылыс заңына «қарсы» бақа табылды
1 ай бұрын 309 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар Үндістанның ит тұмсығы өтпейтін ну орманынан денесіне саңырауқұлақ өскен бақаны тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Reptiles & Amphibians ғылыми, мерзімді басылымында жарияланған Шинмай Малие мен Уай Ти Лохит есімді зоологтардың мақаласына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Негізінде ғалымдар мұндай ерекше бақаны өткен жылдың жаз мезгілінде Карнатака штатындағы қалың жыныстан байқаған. Алайда, өзгеше бақа туралы жаңалық енді ғана белгілі болып отыр. Қос мекендінің денесінде өскен саңырауқұлақ Мциен тұқымдасына жатады. Дегенмен, ғалымдар бақаны зерттеуге алмай, жайына қалдырған. «Менің ойымша, бұл Mycena саңырауқұлағы тудыратын тері инфекциясы және ол адамға жұғатын саңырауқұлақ инфекциялары сияқты ұзақ уақыт сақталуы мүмкін», - Кристофер Багге Хардер есімді Копенгаген университетінің жұқпалы аурулар кафедрасының биологы.

Ученые нашли лягушку, на которой растет гриб | amic.ru | Дзен

Индийские ученые обнаружили лягушку с грибным ростком на теле - Техно

Ученые нашли лягушку, на которой растет гриб | amic.ru | Дзен

 

0 пікір
Мұрағат