Ғалымдар өрмекшінің торын әуен аспаптарына айналдырды – өрмекші әлемді қалай қабылдайды (видео)
Ғалымдар өрмекшінің торын әуен аспаптарына айналдырды – өрмекші әлемді қалай қабылдайды (видео)
2 жыл бұрын 2434 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Массачусет технологиялық институтының (АҚШ) өрмекшінің торын сигналдар көзіне айналдыруға мүмкіндік беретін аспапты жасады. Бұл жайында islam.kz порталы Journal of the Royal Society Interface ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өрмекшілер әлемді 100 % діріл мен қоршаған ортадағы тербеліс арқылы қабылдайды. Сол себепті, өрмекшінің торы әшейін жемтік аулайтын тұзақ емес, ол өзінше өнер туындысы – әлеммен тілдесетін күрделі құралы. Үш өлшемді сканерлеу өрмекші торының құрылымын егжей-тегжейлі жаңғыртуға және оның жіптері арасындағы өзара әрекеттесу ерекшеліктерін көрсетуге мүмкіндік берді. Өрмекші торының жіптері жағдайға қарай  дыбыстарды тудыратыны анықталды. Мысалы, жіп желден дірілдеп, жыртқыштың қимылдарынан дірілдеп немесе тым үлкен болса үзіліп кетуі мүмкін, бұл тордың қалған бөлігінде жаңғырық тудырады. Өрмекші үшін бұл баға жетпес ақпарат және қалай әрекет етуіне арналған нұсқаулық.Әлбетте, аталған жәндік әуен тудыруды мақсат етпейді, ол бар-жоғы әлеммен қатынасының тетігі ғана, десе де өрмекші торының үйлесіммен құрылымдалғаны соншалық әуен өзінен өзі төгіледі (тура мағынасында). Бұл жаңалық несімен құнды? Ғалымдар жәндіктің осы мүмкіндігін имитациялау арқылы көптеген функциялары бір мезгілде жұмыс істейтін күрделі конструкциялар туралы ұғым-танымды арттыруа көмектесетінін алға тартып отыр.

 

0 пікір
Мұрағат