Бір ғана елдің өзінде жолбарыстар өлімі биыл рекордтық көрсеткішке жетті
Бір ғана елдің өзінде жолбарыстар өлімі биыл рекордтық көрсеткішке жетті
2 жыл бұрын 1150 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Үндістан – жолбарыстар отаны десе де болады, аталған елде әлемдегі жолбарыстар санына шаққанда жыртыштың осынау түрінің шамамен 75%-ы тіршілік етеді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде жолбарыстарды қорғау жөніндегі ұлттық басқарма (NTCA) келтірген мәліметке жөн сілтеген france24.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған елде жолбарыстар санына қатысты статистикалық дерек он жылдан бері жүргіліп келеді. Жыл сайын. Үндістандағы жолбарыстардың ең көп өлімі Мадия-Прадеш штатында тіркелген. Жалпы аталған елде биыл 126 жолбарыс өлген. Бұл көрсеткіш 2016 жылы ең көп жолбарыс өлімі тіркелген 2016 жылы 121-ді құраған еді. Осыдан екі жыл бұрын Үнді билігі елдегі жолбарыстар қарасы 2967-ге жеткенін жаһанға жарияч еткен болатын. Ал бұл көрсеткіш 2006 жылы 1411 ғана болатын. Үндістандағы жолбарыстардың дегі биыл өз ажалымен өлген, алайда, браконьерлердің де олардың қырылуына «өз үлесін»қосқаны айтылады. Бұған адамдардың жолбарыстар тіршілік ететін ортасын игеріп, жыртқыштарды ығыстыруы да түрткі болған. Осының салдарынан 2014-2019 жылдар аралығында жолбарыстардың шабуылынан шамамен 225 адам опат болған. Дегенмен аталған ел билігі жолбарыстарды қорауға мемлекет тарапынан барынша жағдай жасауда – ел аумағында жыртқыштар тіршілік етуі мүмкін 50 орында резервте сақтап отыр.

Ұқсас материалдар:

«Жолбарыстың көмегімен экономикасын көтеруге бел буып отырған ел» (https://islam.kz/kk/news/alem/jolbarystyn-komegimen-ekonomikasyn-koteruge-bel-buyp-otyrgan-el-15640/#gsc.tab=0);

«Он жылдан соң жолбарыстың тұқымы тұздай құруы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/on-jyldan-son-jolbarystyn-tuqymy-tuzdai-quruy-mumkin-11345/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат