Жаһандық жылынудың экологиялық жүйеге әскері қандай?
Жаһандық жылынудың экологиялық жүйеге әскері қандай?
7 жыл бұрын 3069 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жаһандық жылынудан ең алдымен қоршаған орта зардап шегеді. Бұл өз кезегінде адамдар мен өзге тіршілік иелеріне зиянын тигізеді. Ең алдымен экологиялық жүйенің тепе-теңдігі бұзылады. Нақтырақ айтқанда, ірі тіршілік иелері көбейіп, ұсақ тіршілік иелері азаяды. Бұл жайында Science Advances мерзімді басылымы америкалық, немістердің және румындардың ғалымдарына сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Ғалымдар жаһандық жылыну биологилық алуандылыққа қалай әсер етенінін зерттеп көрген екен. Олар ең алдымен Миннесоттедегі 30 көкорай жер теліміне өсімдіктердің бір түрін еккен, кейбіріне 16 түріне дейін еккен. Осыдан кейін көкорайды ламптың көмегімен жылытқан - яғни, температураны 3°С-қа дейін көтерген. Температураның көтерілуі ірі жауынқұрттың және топырақта тіршілік ететін өзге жәндіктерді, соның ішінде, нематодтарды бақылап, тәжірибе жүргізген. Тек өсімдіктің бір түрі егілген жер телімінде нематодтардың әралуандығы кеміген, керісінше, өзге жер телімінде көбейген. 

0 пікір
Мұрағат