Жаһандық жылынудан жердің қай бөлігі тіршілікке жарамсыз күйге түседі? (видео)
Жаһандық жылынудан жердің қай бөлігі тіршілікке жарамсыз күйге түседі? (видео)
7 жыл бұрын 3999 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Азия құрлығының оңтүстігінде, дәлірегі, Үндістан, Пәкістан және Бангладеш аймағында  алдағы уақытта шамадан тыс аптап ыстық орнайды. Жаһандық жылынудан. Аталған аймақтарда әлемдегі халық саны ең көп шоғырланған - жалпы саны 1,5 миллиард адам. Сондай-ақ, бұл аймақтарда әлемдегі ең кедей тұрғындар шоғырланған. Негізінде жер шаруалышығын тәуелді. Егер аптап ыстық орнайтын болса, ылғалдың жетіспеушілігінен құрғақшылық жайлап, жаппай миграция басталуы мүмкін. Таяу Шығыстан ағылған мигранттар бұл миграцияның жанында түк те емес. Сарапшылардың пікірі осындай. Тарқатып айтсақ, әлемнің көптеген ресми метеорологиялық стансалары температураны екі термометрмен өлшейді. Бірі - "құрғақ" та, екіншісі - "ылғал" термометр. Яғни, "құрғағы" ауа температурасын, ал екіншісі ауадағы ылғалдың деңгейін анықтайды. Ең қауіптісі - екінші термометрдегі көрсеткіш болып табылады. Яғни, ауадағы ылғал деңгейі тиісті мөлшерден төмен түссе, сөзсіз құрғақшылық жайлайды. Адам денесінің қалыпты температурасы Цельсия бойынша 37 градус, ал адам терісінің температурасы 35 градус. Егер "ылғал" термометрі 35 градусты немесе одан жоғары градусты көрсетсе, адамның жылуды ыдырату қабілеті тез құлдырайды. Тіпті, 31 градустың өзінде мұндай температураға бейімделуі үшін алты сағат уақытты талап етеді адам ағзасы. Яғни, 31 градустан асса, бұл адам өмірі мен денсаулығына қауіпті. Массачусет технологиялық институтының инженерлік экология профессоры Эльфатих Эльтахир (Elfatih Eltahir) бастаған ғалымдардың сөзіне қарағанда, "ылғал" термометрі Цельсия бойынша 31 градустан сирек асады. Десе де 2015 жылы Иранда Цельсия бойынша "ылғал" термометрі бойынша температура 35 градусқа жуықтаған. Сол жылдың жаз мезгілінде Үндістан мен Пәкістанда 3500-нан астам адам аптап ыстықтан көз жұмды. Мамандардың айтуынша, алдағы уақытта адамзаттың 30 пайызы ең қатерлі температура деңгейінде өмір сүруіне тура келеді. Нақтырақ айтқанда, Ганга өзенінің аңғарында, Үндістанның солтүстік-шығыс аймағында, Банладеште, Шри-Ланканың солтүстігінде, Үнді-Пәкістан жазығында аптап ыстық орнайды. Бұл қатерден құтылатын бір-ақ жол бар, ол - қоршаған ортаға бөлінетін парникті газды барынша азайу. Бұл тақырыптағы зерттеу нәтижесі Science Advances ғылыми басылымында жарық көрді. 

 

 

0 пікір
Мұрағат