Исламды қабылдаған Майкл Джексонның қарындасы кереметке бергісіз қуанышқа кенелді
Исламды қабылдаған Майкл Джексонның қарындасы кереметке бергісіз қуанышқа кенелді
7 жыл бұрын 10475

Әлемге әйгілі әнші Майкл Джексонның қарындасы Джаннет Джексон 50 жасында өмірінде бірінші рет шекесі торсықтай ұл перзент сүйіп, ана атанды. "Поп музыканың королі" атанған Майклдің қарындасы қаңтар айының 3-і күні босанған. Джаннет жеңіл босанған әрі шарананың жағдайы жақсы. Бұл жайында People басылымы хабар таратты. "Джанет Джексон мен оның күйеуі Виссам әл-Мана ұлдарының есімін Иса пайғамбардың құрметіне Иса (Eissa Al Mana). Айта кетейік, Джанет ағасы Майкл секілді тура жолға түскен болатын. 2012 жылы ол Катар миллиардері Виссам әл-Манамен жасырын неке қидырып, 2013 жылы үйлену тойларын жасаған болатын. Осы жылдың қазан айында шариғат шәлісін жамылған Джанет Лондон қаласындағы көшелердің бірінде папарацияның таспасына тартылып қалған еді. 

0 пікір
Мұрағат