Ішпей-жемей, айдаладағы біреудің ақысын төлеуге тура келді...
Ішпей-жемей, айдаладағы біреудің ақысын төлеуге тура келді...
6 жыл бұрын 3106 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

EcoLogic поляктардың экологтар тобының өкілдері өз қалталарынан Судан елінің беймәлім азаматының телефонмен сөйлескен ақысын, дәлірегі, 2,5 мың еуро төлейтін болды. Судандық азамат құтан сирағынан түсіп қалған SIM-картаны тауып алып, онымен 20 сағат бойы сөйлескен. Бұл SIM-карта құтандардың көшіп-қону, ұшу бағыттарын анықтап отыруға арналған трекерге орналастырылған. Бұл жайында The News ақпарат көзі хабар таратты. Құтан поляктардың Седльц қаласынан ұшып шығып, Судан аумағындағы Көгілдір Ніл жазығына жету үшін алты мың шақырымды артқа тастаған. Артынан құс радардан жоғалып кеткен еді. Кей жорамал бойынша трекер құтаннан өзі түсіп қалған - берік бекітілмегендіктен немесе судандық азамат оны қолға түсірген я болмаса өлтірген. Осылайша SIM-картаны өз пайдасына жаратқан. Экологтар судандық азаматты қалай табу жолын білмей бастары қатып отыр. Осыған байланысты судандық азаматтың телефонмен сөйлескен ақысын өздерінің қалтасынан төлеуіне тура келіп отыр. 

0 пікір
Мұрағат