Бір күнде 60 мұсылман жұп шариғат талаптарына сай неке қидырды
Бір күнде 60 мұсылман жұп шариғат талаптарына сай неке қидырды
6 жыл бұрын 4923 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Босния және Герцеговина астанасында бір мезгілде 60 мұсылман жұп шариғат талаптарына сай неке қидырды. Мұндай жағдай Еуропа тарихында тұңғыш рет орын алып отыр. Бұл жайында ummamag.kg ақпарат көзі хабар таратты. Тарқатып айтқанда, осылайша "Истиклиал" мешітінде имам жас босниялықтардың отбасын құру ниетін құптап, олардың үйлену тойына кететін ас та төк ысырапшылдыққа ұрынуына жол бермеді. Адам өіміріндегі ең маңызды әрі ұмытылымас шараны ұйымдастырған Босния және Герцеговинаның ислам қауымдастығы, ал үкіметтік емес жергілікті MFS-EMMAUS ұйымының қолдау білдіріп, сондай-ақ, Біріккен Араб Әмірліктерінің демеушілігімен өтті. Аталмыш ислам қауымдастығы жас жұптарға, дәлірегі, әр жұпқа салтанатты шарада шариғат талаптарына сай киетін киімдері үшін 313 доллар берді. Бұл қаражат,с ондай-ақ, олардың үйлену тойына тарту етілген сый болды. Барлық жұп шариғат талаптарына сай неке қидыру алдында мемлекеттік тіркеуден өтті. 

0 пікір
Мұрағат