Бағдарламаланатын графикасы бар пернетақта (видео)
Бағдарламаланатын графикасы бар пернетақта (видео)
1 жыл бұрын 1520 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ерекше пернетақтаның жарық шашатын әрі жарықты ойнататын процессорлары мен мөлдір пернелердің астында дисплейі бар. Бұл жайында islam.kz порталы Ars Technica ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Centerpiece - ерекше опциялары бар механикалық пернетақта. Оны компьютерлік тінтуірді шығаратын Finalmouse әзірлеген. Құрылғының басты ерекшелігі - пернелердің астындағы үлкен экран. Ол анимациялық көрнекі бейнелерді көрсете алады. Пернелердің өзінде дисплейден түсетін жарықты бұғаттамайтын мөлдір қабаттар бар. Осының арқасында сурет тұтас және жарқын көрінеді. Ең бастысы, Centerpiece өзінің CPU және GPU бар. Жүйенің аталмыш ресурстары экранды қуаттандыру үшін пайдаланылмайды. Өзнеше пернетақты келесі жылы саудаға шығарылады. Бағасы – 349 доллар. Төмендегі бейнеде пернетақтаның көптеген мүмкіндіктері көрсетіледі. Пайдаланушы пернені басқан кезде жүзіп кетіп, су толқындарының әсерін тудыратын балықтар ерекше есте қалады.

0 пікір
Мұрағат