Атмосферадағы көмірқышқыл газын "сіңіріп" алатын тағы бір зауыт ашылды (фото)
Атмосферадағы көмірқышқыл газын "сіңіріп" алатын тағы бір зауыт ашылды (фото)
5 жыл бұрын 5752 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өкінішке қарай, мұндай ерекше зауыт Еуропада ашылған. Адамзатты бүгінгі таңда толғандырып отырған ауаның ластануы мен одан туындаған жаһандық жылыну, климаттың өзгеруі секілді проблемаларды шешу үшін ғалымдар мен экологтар жатпай-тұрмай тер төгуде. Олардың еңбегі зая кеткен жоқ. Түрлі амал-айла мен әдіс-тәсілдер қолданысқа енгізіліп жатыр. Соның ішінде ғылыми бастамалар қолға алынуда. Кәрі құрлықтың қақ төрінде орын тепкен швейцариялық Climeworks компаниясы ауадағы көмірқышқыл газын залалсыздандыратын тағы бір зауытты ашты. Бұл зауыт атмосферадағы көмірқышқыл газын өзіне "сіңіріп" алып қоймай, сонымен қатар, оны отын мен басқа да пайдалы нәрселерге айналдырады. Ең алғаш рет мұндай ерекше зауыт Швейцария аумағында 2017 жылы ашылған болатын. Нақтырақ айтқанда, Цюрих қаласы маңынан Climeworks компаниясы ашқан өзгеше зауыт DAC (Direct air capture) технологиясы негізінде жұмыс істейді. Яғни, алып сүзгі арқылы атмосферадағы көмірқышқыл газын тартып алады. Сүзгі материалының құрамында амин, яғни, арнайы химиялық зат бар, ол көмірқышқыл газын ұстап қалады. Аталмыш зауыттың жобалық қуаты жылына 900 тонна көмірқышқыл газын "жұтуға" жетеді. Салыстырмалы түрде алсақ, бұл зауыт 200 автокөліктен бөлінген көмірқышқыл газын өңдей алады. Швейцариялықтар мұнымен ғана шектеліп қалмай, таяуда Италияның Фоджа провинциясына қарасты Троя коммунасында үшінші зауытын ашты. Бұл зауыт жылына 150 тонна көмірқышқыл газын "сіңіріп" алады. Көмірқышқыл газы шикізатын метан өндірісіне, ауыл шаруашылығына, өнеркәсіп кәсіпорындарына бағыттайды. 

Ð ÐвÑопе оÑкÑÑли еÑе один завод, коÑоÑÑй Ð¸Ð·Ð²Ð»ÐµÐºÐ°ÐµÑ ÑглекиÑлÑй газ из аÑмоÑÑеÑÑ

Ð ÐвÑопе оÑкÑÑли еÑе один завод, коÑоÑÑй Ð¸Ð·Ð²Ð»ÐµÐºÐ°ÐµÑ ÑглекиÑлÑй газ из аÑмоÑÑеÑÑ

0 пікір
Мұрағат