Әскери мақсатта аяққа арналған экзоқаңқа сынақтан өткізіледі (видео)
Әскери мақсатта аяққа арналған экзоқаңқа сынақтан өткізіледі (видео)
6 жыл бұрын 4778 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ армиясы 2018 жылдың желтоқсан айында аяққа арналған экзоқаңқаны сынақтан өткізуге бел байлап отыр. Бұл құрылғы ONYX деп аталады, оның көмегімен сарбаздар едәуір қашықтықты еңсере алатын болады. Breaking Defense мерзімді басылымның таратқан хабары мен келтірген дерегіне қарағанда, экзоқаңқаны Lockheed Martin компаниясы жасап шығарған. Аталмыш жоба авторларының айтуынша, ONYX сарбаздың қимыл-қозғалысынаөздігінен икемделеді. Ол сарбаздың қандай жолмен және қаншалықты жүкпен кетіп бара жатқанын анықтай алады. Егер адамда жүк болмасағ экзоқаңқа өздігінен ажыратылады немесе артық салмақ пайда болғанда (мәселен, сарбаз тауға көтерілгенде немесе түскенде) қосылады. Зкзоқаңқаның салмағы - 6,4 келі тартады. 2,7 келі тартатын аккумулятормен жұмыс істейтін құрылғы сегіз сағатқа дейін көмегін тигізе алады. 

0 пікір
Мұрағат