АҚШ-та ғалымдар АИТВ-ға екпе әзірлеуде
АҚШ-та ғалымдар АИТВ-ға екпе әзірлеуде
8 жыл бұрын 2722 inform.kz

АИТВ/ЖИТС дамуын антиретровирустық препараттардың дәстүрлі жиынынсыз адам ағзасынан алған белгілі бір қарсы денелер көмегімен жоюға болады. Бұл туралы америкалық Nature журналында  АҚШ-тағы Рокфеллер университетінен Мишель Нуссенцвайгтің басшылығымен ғалымдар тобы жазған хатта айтылады, деп хабарлады ТАСС. Жарияланымға сәйкес әңгіме 3BNC117 кодтық белгісімен «бейтараптандырылған қарсы денелер» жайында болып отыр. Ол АИТВ-ға табиғи иммунитеті бар бірегей пациенттің бірінің ағзасынан бөлінді. Олар вирусты жұқтырған күнде де, оларда инфекция дамымайды, яғни, табиғи жолмен жойылады. Енді Нуссенцвайг тобы қалыпты пациенттердегі АИТВ-ны жою үшін оларға осы қарсы дененің инъекциясын пайдаланып көрді. Қатаң бақылаудағы вирус тасығыш екі топ күнделікті дәріні ішуді тоқтатты; оның орнына  инъекция сериясы жасалды. Барлық 13 қатысушыда вирустық жүктеме соңғы еккеннен кейін 5 аптада барынша төмен күйде қалды  (қалыпты мерзімнен екі есе ұзақ). Алтауында қорғаныс 9 апта әрекет етті. Тіпті 19 апталық рекорд орнатылды. Қолайсыз әсерлер байқалмады. "Los Angeles Times" газетінің хабарлауынша, Нуссенцвайг АИТВ/ЖИТС  дәрісі жайлы айту әзірге ерте екенін мойындайды.  Ол сау адамдарды вирусты жұқтырудан қорғау үшін екпе  ұйымдастыру жайлы армандап жүр.  Мұндай эксперименттер жүргізіліп, үміт артатын нәтижелерге қол жеткізілді. 

0 пікір
Мұрағат