Адамзатты ұйқысыз түндер күтіп тұр...
Адамзатты ұйқысыз түндер күтіп тұр...
7 жыл бұрын 8805 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Постиндустриялық қоғамға тән депрессия мен стрестен емес (әдеттегідей), яғни, күйзелістен емес, ғаламдық жылынудан адамзаттың ұйқысы қашатын болады. Ғаламдық жылынуды ойлап, ұйқысы қашпайды, ғаламдық жылынудың қатерлі салдарынан ұйқысы қашады. Тарқатып айтқанда, Ник Обрадович есімді ғалым бастаған әлемге әйгілі Гарвардтың зерттеушілері 2002-2013 жылдар аралығында 765 000 америкалық пациенттердің ұйқыға қатысты шағымын зерделеген екен. Анықтай келе ұйқының сапасы (жайлылығы) ауа райымен тікелей байланысты болып шыққанына көз жеткізген. Яғни, түнгі температура бір айлық орташа градустан асып кетсе, үш түн бойы кірпік іле алмай шығатындардың қарасы артып отырған. Адам ұйықтаған кезде оның терісінің қан айдайтын тамырлары кеңейеді, бұл өз кезегінде дене температурасының төмендеуіне алып келеді. Ал қоршаған ортадағы температура тым жоғары болса, дене температурасының төмендеуіне кедергі келтіріп, арты ұйқысыздыққа ұрындырады. Тағы бір айта кететіні, жердегі ауаның орташа түнгі температурасы күндізгіге қарағанда жылдам көтеріліп келеді. Әлемдік орташа температура 1 ºC-қа жоғарылағанда (2050 жылға қарай орын алып қалуы ықтимал) таңды көзбен атыратындардың қарасы күрт артатын болады. Аталған фактор бойынша болатын ұйқысыздықтан. әсіресе, кедейлер мен қарт адамдар қатты зардап шегеді. Желдеткіштің болмауынан. 

1 пікір
Мұрағат