Зина жасағандар тек жазаланып қоймай, медициналық тексеруден өтуге міндеттеледі
Зина жасағандар тек жазаланып қоймай, медициналық тексеруден өтуге міндеттеледі
6 жыл бұрын 7087 tengrinews.kz

Өзбекстанда притонға барғандарға айыппұл салып, мұнымен қоймай мәжбүрлі түрде медициналық тексеріс пен емдеу тағайындау жоспарланып отыр, - деп хабарлайды "Газета.uz". 

Елдің әкімшілік жауапкершілік туралы кодексіне секс-притонға баруға жауапкершілік арқалатуды қосу көзделген. Түзетулер жобасын Өзбекстанның Әділет министрлігі талқылауға шығарған.  

Сондағысы, притонға барғандарға 1 минималдық еңбекақы көлемінде айыппұл салу ұсынылып отыр екен. Қазіргі уақытта елде жезөкшелікпен айналысқандарға салынатын 1 МЕАК айыппұлды 3 МЕАК-ке дейін өсіру, ал бір жыл ішінде бұл іс қайталанса 3-тен 5 МЕАК-қа дейін өсіру қарастырылған.

0 пікір
Мұрағат