Ядролық сынақтардың құпиясын ашты (видео)
Ядролық сынақтардың құпиясын ашты (видео)
7 жыл бұрын 3637 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Грег Сприггс есімді АҚШ-тың энергетика министрлігінің Эрнест Лоуренс атындағы Ливермор ұлттық зертханасының физигі әріптесімен бірге әлеуметтік желіге атмосферада жасалған жүздеген ядролық қару сынағының видеосын жариялады. Бұл жайында Business Insider ақпарат көзі хабар таратты. Аты аталған физик бастаған сарапшылар мен мамандар тобы АҚШ аумағында 1945—1962 жылдар аралығында атмосферада жүргізілген ядролық қару сынақтарының таспасын қалпына келтірді. Дәл қазіргі уақытта мамандардың қолында шамамен 6,5 мың ролик бар. Олардың 4,2-сіне жуығы сандық жүйеге көшірілген, ал 750-і жарияға шығаруға рұқсат етілген. Айта кетейік,аталға жылдар аралығында, АҚШ аумағында атмосферада 210 ядролық қару сынақтан өткізілді. Бұл сынақтарға қатысты шамамен он мыңдаған бейне жазба жасалған. Олардың көбісі АҚШ-тың құпия қоймасында радиоактивті күйінде сақталған. Мамандар оларды жинау үшін бес жылын жұмсаған екен. Физиктердің өзінде қалған 3,5 роликті іздеуге және сандық жүйеге көшіруге екі жыл кеткен. Грег Спригтстың айтуынша, бұл видеолар ядролық қаруды жете түсінуге мүмкіндік береді. 

 

0 пікір
Мұрағат