Ядролық соғыстан Ресей қандай күйге түседі (карта+видео)
Ядролық соғыстан Ресей қандай күйге түседі (карта+видео)
6 жыл бұрын 7432 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, осыдан бірер күн бұрын Ресейдің ядролық шабуылынан АҚШ-қа қандай зауал мен залал келетіні турасында хабар таратқан едік. Бұл жолы АҚШ-тың Ресейге ядролық шабуылынан қандай зиян келетіні турасында қысқаша мағлұмат бере кеткенді жөн көріп отырмыз. Бірден айтайық, АҚШ-тың ядролық шабуылынан шамамен 35-49 млн адам опат болады. Сарапшылардың есебінше. Өйткені, ресейліктердің дені, яғни, шамамен 78%-ы Ресей Федерациясының батыс аумағында шоғырланған. Бұл бөлікте 27 млн-нан аса адам ядролық соғыстың құрбаны болмақ. Ал шығысында, Сібірде сегіз млн-ға тарта адам мерт болады. Ядролық соққы әскери базаларға, аса ірі өнеркәсіп пен өндіріс орындарына, плотиналарға, электр стансаларына, тағы басқа да стратегиялық маңызды нысандарға беріледі. Ал адамдардың дені ядролық соққының өзінен емес, ауаға тез тарайтын радиоактивті заттардан қырылады. Егер, бетін ары қылсын, ядролық соғыс орын ала қалса, Ресейдің де, АҚШ-тың да аумағы тіршілік етуге жарамсыз күйге түседі. Ғасырлар бойы. Былайша айтқанда, ядролық қыс орнайды. Атмосфера радиоактивті заттардан қатты ластанып, күн сәулесі жердің үстіңгі қабатынан өтпейді. Осыған байланысты ғаламдық мұз дәуірі қайта орнайды, жылудың жетіспеушілігінен. Бұл жайында Ресейдің әскери-саяси талдау бюросының сарапшысы Николай Костикин мәлім етті. 

undefined

undefined

0 пікір
Мұрағат