Вандалдың Құранды қорлаған сәті таспаға тартылып қалды (фото)
Вандалдың Құранды қорлаған сәті таспаға тартылып қалды (фото)
7 жыл бұрын 6024 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тың Аризона штатында исламофоб вандал қасиетті Құранды қорлап, дәлірегі, парша-паршасын шығарып жыртқанымен қоймай қасиетті жазбаны аяқ асты етіп, еденге шашып тастаған. Оның бұл әрекеті таспаға тартылып қалған екен. Бейнебақылау камерасы арқылы. Туксон ислам орталығының басшылығы вандалдың түннің бір уағында, дәлірегі, сағат 03:30-да мешітке баса-көктеп кіріп, қасиетті Құранды қорлағанын әлеуметтік желіде баяндады. Бұл жайында Huffington Post ақпарат көзі хабар таратты. 

 

0 пікір
Мұрағат