Ұшақ ішіндегі бұзақыларды тоқпен ұрып тоқтатуға рұқсат берді
Ұшақ ішіндегі бұзақыларды тоқпен ұрып тоқтатуға рұқсат берді
7 жыл бұрын 1872

Оңтүстік Кореяның «Korean Air Lines Co» ірі әуе компаниясы бортсеріктеріне тәртіпті бұзатын жолаушыларды электрошокерлердің көмегімен тыныштандыруға рұқсат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Yonhap агенттігіне сілтеме жасап. Әуе компаниясында түсіндіріп өткендей, ұшулар қауіпсіздігі техникасы бойынша аталмыш құралды экипажға, жолаушыларға немесе ұшу қауіпсіздігіне үлкен қатер туындаған кезде ғана пайдалануға рұқсат етіледі. Дегенмен, әуе кеңістігінде орын алатын оқиғалардың жиілеп кетуі, компания басшылығын бұл ережелерді қайта қарауға мәжбүрлеген. Корея Көлік министрлігінің мәліметінше, аталмыш елдің әуе компанияларының ұшақтарында тіркелетін құқықбұзушылықтардың саны соңғы жылдары екі еседен астамға артқан: 2012 жылғы 191 оқиға орын алса, 2015 жылы -  460. Енді бұл ережелер барынша кеңейтілді. Яғни, әуе компаниясының қызметкерлері кез келген агрессивті жолаушыны электрошокерлердің көмегімен тоқтата алады. 

0 пікір
Мұрағат