Түсік жасатудан бас тартқаны үшін қомақты ақша алуы мүмкін
Түсік жасатудан бас тартқаны үшін қомақты ақша алуы мүмкін
8 жыл бұрын 2693 informburo.kz

Ресей либералды-демократиялық партияның атынан Мемлекеттік Думаға сайланған  депутат Александр Шерин түсік жасатудан өз еркімен бас тартқан әйелдерге қомақты ақша төлеу турасында ұсынысын ортаға тастады. Дәліпегі, тиісті заң жобасын Мемдуманың қарауына берді. Бұл жайында аталған партияның сайтында айтылған. Аталмыш заң жобасында қарастырылған талаптарға сәйкес жүктілік пен босануға байланысты денсаулығына қауіп төнбеген, соған қарамастан түсік жасатуға бел буған әйелдер райынан қайтатын болса,  250 мың рубль (1,2 млн теңге – ред.) беріледі. Алайда, бір шартпен: бала өлі тумауы керек және шарана мемлекеттің қамқорлығына алынады.

0 пікір
Мұрағат