Жұма күні де демалыс күні ретінде жарияланды
Жұма күні де демалыс күні ретінде жарияланды
8 жыл бұрын 3149 inform.kz VTV

Венесуэла президенті Николас Мадуро елде электр энергиясын үнемдеу бойынша жаңа шаралар кешені туралы жариялады. 

Алдағы екі айдың ішінде жергілікті шенеуніктер жұма күндері жұмыс істемейді, бұл елдегі қуаңшылық жағдайында электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік береді. Өнеркәсіп кәсіпорындарына да электр энергиясының пайдаланылуын қысқарту ұсынысы жасалады. 

Ағымдағы аптадан бастап, сәуір және мамыр айларындағы әрбір жұма күні Венесуэла шенеуніктері үшін демалыс күні болады. Бұл ретте, EFE агенттігінің атап өтуінше, жұма күні демалу тек мемлекеттік сектор қызметкерлері үшін емес, жекеменшік секторға да қатысты болу-болмауы әзірге белгісіз. Жаңа жоспар көбіне сауда орталықтары мен қонақүйлеріне тиісті болады.

0 пікір
Мұрағат