Түркияда айтулы жиын өтті
Түркияда айтулы жиын өтті
10 жыл бұрын 3083

Шілде айының 17-19-ы күндері аралығында Ыстамбұл шаһарында ислам құндылықтарын кеңінен насихаттауға қатысты айтулы жиын өтті. «Әлемнің ислам ғұламалары – бейбітшілік, ұстамдылық және саналы бастама үшін» деп аталатын конференцияда сөз сөйлеген Түркияның дін істері жөніндегі құзырлы орынның басшысы Мехмет Гормез осы заманғы ислам әлеміндегі түрлі қайшылықтар мен қақтығыстарды болдырмау үшін исламның негізгі құндылықтарын жандандырудың қажеттілігі мен өзектілігіне тоқталды. Ол өз сөзінде ислам әлемінде бейбітшілікті сақтау бағытында жұмыс істейтін халықаралық деңгейде комиссия құруды ұсынды. Комиссия он адамнан жасақталады. Оның құрамына парламент депутаттары, діни және академиялық ортаның көрнекті тұлғалары кіретін болады. 

0 пікір
Мұрағат