Түркия Иранмен арадағы шекарада дуал тұрғыза бастады
Түркия Иранмен арадағы шекарада дуал тұрғыза бастады
7 жыл бұрын 2951 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркия билігі Иранмен арадағы шекарада дуал тұрғыза бастауының себебін экстремистік Күрдістан жұмысшылар партиясының содырларынан қорғану мақсатымен байланыстырып түсіндірді. Бұл жайында Hürriyet Daily News мерзімді басылымы хабар таратты. Аталған ақпарат көзінің жерегіне қарағанда, Иран аумағында күрдтердің аталмыш радикалдық тобының көптеген лагері шоғырланған. Бұл лагерлерде 1 мыңға жете-қабыл содыр бар. Олар Түркия аумағында теракті жасағаннан кейін шекарадан асып, бой тасалайды. 70 шақырымға созылған дуал Иранмен шектесетін Агра және Ыгдар провинцияларында тұрғызылады. Ал шекараның қалған бөлігінде күзет мұнарасы қойылады, металл шарбақтар мен прожекторлар орнатылады. 

0 пікір
Мұрағат