Түріктер лазерлі қаруын сынақтан сәтті өткізді (видео)
Түріктер лазерлі қаруын сынақтан сәтті өткізді (видео)
3 ай бұрын 413 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Түркияда жасанды зерде элементтері пайдаланылған лазерлі қару пайда болды. Бұл жайында islam.kz порталы trend.az ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай қарудың бір түрі – Түркияның қорғаныс саласындағы жетекші компаниялардың бірінен саналатын ROKETSAN мамандары жасаған ALKA бағытталатын энергетикалық қару жүйесі. ALKA - асимметриялық қауіптерге қарсы тұру үшін электромагниттік және лазерлік технологияларды пайдаланатын гибридті әуе қорғаныс жүйесі. Қарудың бұл түрі бронетранспортерлер мен стационарлық объектілерге орнатылуы мүмкін, ол негізінен дрондарды жоюға, сондай-ақ, миналар мен қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды қашықтықтан жаруға арналған. Оның максималды қашықтығы - 4 шақырым, ал дронды тиімді жою қашықтығы - 1 шақырым.

0 пікір
Мұрағат