"Түнгі әкім» деп аталатын лауазымды қызмет пайда болды
"Түнгі әкім» деп аталатын лауазымды қызмет пайда болды
5 жыл бұрын 3802 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Көп ұзамай Хельсинкі қаласының түнгі әкімі қызметіне кіріседі. Оның міндетіне түнгі қаланың тыныс-тіршілігін дамыту кіреді. Бұл жайында Euro-pulse ақпарат көзі хабар таратты. Оның құзыреті 2021 жылға дейін созылады. Хельсинкі басшылығы қала тұрғындарының түнгі өмірден не күтетінін зерттеп көрген екен. Мәселен, қалада тәулік бойы есігі ашық тұратын спорт залдары бар. Алайда, түнде бассейндер жабылып қалады. Бассейнге түнде шомылғысы келетіндер қарасы көп болып шыққан. Сондай-ақ, түнгі мерекелер мен мейманханаларға сұраныс жоғары. Қала тұрғындары көңіл көтеретін, сауық-сайран құратын ондай мекемелердің бәрін бір ауданға шоғырландыруды қалайды. Түнде демалғысы келетін тұрғындардың мазасын алмауы үшін. Десе де түнгі әкім қызметі аталған қалада емес, ең алғаш рет Амстердамда 2012 жылы пайда болған екен. Сол сол-ақ екен, бұл бастама Лондон, Париж, Сидней, Сан-Франциско және өзге де әлемге әйгілі мегаполистерде пайда болған. Өткен жылы Германияның Мангейм қаласында түнгі әкімді сайлау науқаны өткізілді. Осы жылы түнгі әкім Прага қаласында да пайда болған.

0 пікір
Мұрағат