Таяу Шығыс бизнестегі бірігу көрсеткіші бойынша көш бастады
Таяу Шығыс бизнестегі бірігу көрсеткіші бойынша көш бастады
3 ай бұрын 554 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

EY MENA M&A Insights 2023 есебіне сәйкес Таяу Шығыс және Солтүстік Африка (MENA) аймағындағы M&A (бизнесті нығайту, капиталды ірілендіру бағытындағы мәміле) қызметі 4%-ға өсіп, 86 миллиард АҚШ долларына жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы businessemirates.ae ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай транзакциялардың көпшілігі Парсы шығанағы елдерінде орын алған – бұл тараптағы мәмілелер саны 565-ке дейін артып , жалпы сомасы 83,2 миллиард АҚШ долларын құрады. Аталған аймақтың M&A белсенділігі 2023 жылы әлемдегі геосаяси шиеленістерге, капитал құнының өсуіне және батыс нарықтарындағы жалпы экономикалық белгісіздікке қарамай артқан. Ішкі нарықтағы мәмілелер 49%-ға жеткен, жалпы құны бойынша трансшекаралық бірігу және қосылу операциялары осындай мәмілелердің жалпы құнының 72%-ын құрады. 2023 жылы бизнестің бірігу құнының ең үлкен үлесін шығыс транзакциялары құрады. Жалпы сомасы 53,5 миллиард АҚШ долларын құрайтын 208 осындай мәміле жасалған екен. Экономикалық сала бойынша технология секторы M&A қызметінің басым бөлігін (141 мәміле) құрады, ал химия өнеркәсібі мәміле құны бойынша 17 миллиард АҚШ доллары шамасында бірінші орыннан көрінді. Мұндай мәмілелер аймақ экономикасының күрделі трансформациясынан хабар беретінін алға тартады сарапшылар. Соның ішінде экономиканы шикізат өндірісінен өзге салаларға әртараптандыру саясаты кезінде байқалатын құбылыс ретінде бағалауға болады.

0 пікір
Мұрағат