Тәтті мен бишікті қатар көрсетті
Тәтті мен бишікті қатар көрсетті
7 жыл бұрын 3013 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға мұнайды экспорттауына тосқауыл қоятын жоспарын бекітті. Десе де Ақ үй қожайыны Иран мұнайына мұқтаж еместігін әлемге жар салып айтса да Ираннан мұнайды шикізат күйінде сатып алу мөлшерін азайтпай отырғанын айта кету керек. Қызық болғанда, АҚШ-тың қаржы министрлігі Иранға қарсы санкцияны ұлғайтқандарын мәлімдеді. Нақтырақ айтқанда, АҚШ билігі террористік ұйым деп таныған шиғалардың "Хезболла" тобына қолдау көрсетіп отырғаны үшін және баллистикалық зымыран жасау бағдарламасына байланысты Иранның төрт компаниясын және үш жеке тұлғасын қара тізімге енгізген болатын. 

0 пікір
Мұрағат