Тақ мұрагерінің құзыреті шектелді
Тақ мұрагерінің құзыреті шектелді
5 жыл бұрын 3190 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Саудияның тақ мұрагері Мұхаммед бин Салман әл-Саудтың құзыреті шектелді. Бұл жайында The Guardian мерзімді басылымы хабар таратты. Аталмыш ақпарат көзінің жазуынша, соңғы екі аптада тақ мұрагері маңызды дипломатиялық, т.б.жиындарға қатыспаған. Өйткені, ол кейбір экономикалық әрі қаржылық мәселелер бойынша шешім қабылдау құқығынан айырылған. Королдің пәрменімен. Алайда, бұл туралы ақпарат ресми жария болған емес. Әзірге тақ мұрагерінің міндетін корол жақындарының бірі Масад әл-Албан орындайды. Ол әлемге әйгілі Гарвард университетінде білім алған әрі таяуда монархтың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалған. 

0 пікір
Мұрағат