Тәліптер Тәжікстанға басып кіруі мүмкін
Тәліптер Тәжікстанға басып кіруі мүмкін
9 жыл бұрын 3095

Тәжікстан шекарасының маңында ауған содырларының көптеп шоғырлануына байланысты Тәжікстан ішкі істер министрі Рамазон Рахимзада күзетті күшейткендерін мәлімдеді. Министрдің сөзіне қарағанда, шекара маңында «Тәліптер» мен «Түркістан ислам қозғалысының» содырлары шоғырланған. Айта кетейік, Тәжікстан мен Ауғанстан арасындағы шекараның ұзындығы 1344 шақырымға созылып жатыр. Шекара сызығы көбіне адам аяғы баса бермейтін таулы аймақтардан өтетіндіктен бұл аудандарды күзету тәжіктер үшін үлкен қиындыққа түсейін деп тұр. 

0 пікір
Мұрағат