Тәліптер Ауғанстанның Пәкістанмен арадағы шекарасын мойындамайды
Тәліптер Ауғанстанның Пәкістанмен арадағы шекарасын мойындамайды
3 ай бұрын 642 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: elements.envato.com. Автор: Rimidolove

Ауғанстан мен Пәкістан арасындағы шекара 1893 жылы Дюранд сызығы (Durand Line) негізінде жүргізілгендіктен «ойдан шығарылған сызық» деп атады. Тәліптер. Бұл жайында islam.kz порталы Islam-Today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Ауғанстанның уақытша үкіметінің сыртқы істер министрінің орынбасары Шер Мұхаммед Аббас Станықзай осындай мәлімдеме жасады. 2640 шақырымға созылып жатқан бұл шекараны ресми мойындамайтындарын жария етті. Бұрын да шекара және тайпа мәселелеріне жауапты Нұралы Нұр Ауғанстанның Пәкістанмен ресми бекітілген шекарасы болмағанын мәлімдеген болатын. Ал пәкістандық тараптан премьер-министр міндетін атқарушы Әнуар ул-Хақ Қаһар Дюранд сызығы көршілес екі ел арасындағы шекара әлем қауымдастығы тарапынан мойындалған шекара екенін мәлімдеді ауғандардың TOLOnews телеарнасына берген сұхбатында. Ақпан айының 9-ы күні. Ауғанстан мен Пәкістан арасындағы мемлекеттік шекараға қатысты дау әлемдегі ең ұзаққа созылған талас-тартыстардың бірінен саналады. 1893 жылы Кабулда әміршә Әбдірахман Хан мен Генри Мортимер Дюранд ағылшын және ауған иеліктері арасындағы шекараны делимитациялау туралы келісімге қол қойды. 1947 жылы британдар үстемдік еткен Үндістан ыдырағанға дейін ауған билеушілері Дюранд сызығын шекара ретінде танығанмен 1947 жылдан бастап тәуелсіз Пәкістан құрылғаннан кейін Кабул бұл сызықты ресми шекара ретінде мойындаудан бас тартты. Әлі күнге дейін шекара маңында қарулы қақтығыстар орын алып тұрады.

0 пікір
Мұрағат