Тәжіктер тегіне орысша жалғау қосуға заң жүзінде тыйым салды
Тәжіктер тегіне орысша жалғау қосуға заң жүзінде тыйым салды
8 жыл бұрын 6157 Baq.kz

Тәжікстанның азаматтық хал актілерін тіркеу қызметі аты-жөнге "ов", "ова", "ович" және "овна" жалғауларын жалғауға ресми түрле тыйым салды.

Бұл туралы азаматтық хал актілерін тіркеу қызметінің төраға орынбасары Джалолиддин Рахимов мұндай шешімнің заңға сәйкес қабылданғанын айтып отыр. 

 "Президент наурыз айында қол қойған жаңа заңға сәйкес, енді фамилияның соңына тәжіктің "зод", "зода", "ӣ", "иён", "фар" жалғаулары жалғануы тиіс. Бұл тәжіктің төл жалғауы",– дейді ол жаңа заң туралы. 
Аты-жөндерден орыстың “ов”,“ова”, “ович”, “овна” жалғауларын алып тастауды Тәжікстан президенті 2007 жылдың көктемінде мәселе етіп көтерген болатын. Оның өзі Рахмонов Эмомали Шарифовичті Эмомали Рахмон етіп өзгертті. Президенттің осы шешімінен кейін көптеген шенеуніктер де аты-жөндерінен орысша жалғауларды алып тастады. Алайда жөндерін тәжікшелендірген азаматтар Ресейге жұмыс істеуге барғанда біраз қиындықтарға тап болған.
Алайда, Тәжікстанның азаматтық хал актілерін тіркеу қызметінің төраға орынбасары Рахимов еді бұл мәселеде қиындық туындамайды деп санайды. 

1 пікір
  • Біздегі қағазбастылық болмаса мен де тегімді ауыстыртып алар едім. Бір қуантарлығы егемендік алғаннан кейінгі жастардың көбісі тегін қазақшалап алған.
    8 жыл бұрын
Мұрағат