Священник исламды қабылдады (видео)
Священник исламды қабылдады (видео)
5 жыл бұрын 3267 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Америкалық бұрынғы священник 2011 жылы алғаш рет Саудияға барып, асыл дінімізбен танысқаннан кейін хақ жолға түсті. Пастор Сэмюэл Эрл Шропширге Саудияда қасиетті Құранның тәпсірін редакциялауға береді. Осы уақытқа дейін ислам жайында бұқаралық ақпарат құралдарынан ғана білетін еді. Көбінесе жағымсыз жағынан. Қасиетті Құран тәпсірімен танысқаннан кейін ислам жайындағы түсінігі өзгеріп, өзгеше күй кешеді. "Жүрегім мешітке баруымды қалады. Алла менің мешітке баруымды қалағанын түсіндім",- деді ол ағынан ақтарылып. Ол Жидда қаласындағы мешітке бас сұғып, исламмен жете танысуды бастады. 

 

0 пікір
Мұрағат