Рамазан айында жұмыс күні қысқарғанына қарамастан толық жұмыс істегендер қосымша ақы алады
Рамазан айында жұмыс күні қысқарғанына қарамастан толық жұмыс істегендер қосымша ақы алады
5 жыл бұрын 3203 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігінде қасиетті Рамазан айында биліктің пәрменімен жұмыс күні қысқартылған болатын. Ауыз бекітіп, ораза ұстаған қызметкерлер қиналып қалмасы үшін. Алайда, өз еркімен толық жұмыс кестесі бойынша еңбек еткендерге қосымша ақы беріледі. Бұл жайында Адам ресурсы және әмірлік азаматқа айналдыру жөніндегі министрлік мәлім етті. Қасиетті айда бұрынғы жұмыс кестесі бойынша мемлекеттік секторда жұмыс істейтіндерге ғана емес, сонымен қатар, жекеменшік секторда еңбек ететіндерге де қосымша ақы төлеу міндеттелген. Қасиетті айда мемлекеттігі бар, жекеменшігі бар, барлық кәсіпорындар мен мекемелерде жұмыс күні екі сағатқа қысқарған болатын. Таңғы сағат 9-дан бастап жұмысқа келген қызметкерлерге алып жүрген жалақысынан бөлек, қосымша 25 пайыз артық ақы төленеді. Ал таңғы сағат 9-дан кешкі 4-ке дейін еңбек еткендерге 50 пайыз қосымша, үстеме ақы төленеді. 

0 пікір
Мұрағат