Сотсыз, тергеусіз атып тастаушы еді, енді заңмен өлім жазасына кесетін болды
Сотсыз, тергеусіз атып тастаушы еді, енді заңмен өлім жазасына кесетін болды
7 жыл бұрын 2771 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Израил билгі террористерді өлім жазасына кесу турасындағы заң жобасын әзірлеп жатыр. Бұл жайында ресейлік «Известия» мерзімді басылымы хабар таратты. Нақтырақ айтқанда, аталмыш заң жобасын кнессеттегі (израилдік парламент - ред.) «Ликуд» партиясының өкілі, депутат Нава Прехи-Бокер дайындап жатыр. Бұл заң жобасының жазылуын ел премьері Биньямин Нетаньяхудың өзі қос қолдап отыр. Егер аталған заң жобасы депуттар тарапынан мақұлданса, онда теракті деп танылған қылмыс түріне қатысы барлар өлім жазасына кесіледі. Айта кетейік, бұл елде қылмыскерге қатысты қолданылатын ең ауыр жаза осы уақытқа өмір бойы бас бостандығынан айыру болып келген. Тағы бір айта кететін жайт, өткен ғасырдан бері, дәлірегі, 1948 жылдан бері өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тек екі рет қолданылған екен. Өлім жазасына қырын қарайтын АҚШ бастаған батыс елдері Израил билігінің бұл қадамына қалай қарайды, әлем қауымдастығы не дейді? Оған бас ауыртып отырған Израил билігі жоқ. Тек халықаралық қауымдастықтың палестиналықтарға қарсы жасаған қылмысын айыптағаннан кейін сотсыз, тергеусіз атып тастауды заңдастырған болып отыр. Әдетте Израилдің бассыздығына көз жұма қарайтын батыс елдері бұл жолы да бас шұлғи салуы ғажап емес. Басқыншылардан өз жерін, мәдениетін қорғаған палестиналықтар енді бас көтерсе, оларды жаппай өлім жазасы күтіп тұр. 

0 пікір
Мұрағат